Жиі қойылатын сұрақтар

Если вы не нашли ответ на свой вопрос, напишите нам и мы ответим
Сұрақ қою
Лизингті кім ала алады?

ҚР заңнамасына сәйкес құрылған және әрекет ететін және бизнесі 6 айдан астам жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар. Егер компания 6 айдан аз уақыт жұмыс істесе, онда біз мәміле үшін кепіл беруін немесе кепілгерді ұсынуды сұраймыз. 

Лизингті қандай мерзімге алуға болады?

Қаржы лизингінің мерзімі – 37 айдан 48 айға дейін.
Оперативтік лизинг мерзімі – 12 айдан 60 айға дейін

Лизингке не алуға болады?

Сіз лизингке кез келген маркалы жеңіл автокөлікті, коммерциялық және арнайы техниканы сатып ала аласыз.

Қандай қалаларда лизинг алуға болады?

Біздің компания бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейді. ҚР кез келген қаласында кеңес алуыңызға және автокөліктер мен техниканы лизингке алуыңызға болады.

Көлік құралын кім тіркейді?

Біздің компания көлікті тіркеуді өзіне алады.

Көлік құралын сақтандыру міндетті ме?

Иә. «Қаржы лизингі туралы »ҚР 2000 жылғы 5 шілдедегі № 78-II заңының 15-бабына және 20-бабына сәйкес лизинг шартында лизинг берушінің немесе лизинг алушының лизинг нысанын сақтандыру міндеті көзделуі мүмкін.