«Даму» ұсынатын субсидиялау

«Astana Motors Finance» компаниясы мен «Даму» КДҚ АҚ жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осылайша сіз лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жылдық 10,75%-на дейін субсидиялауға мүмкіндігіңіз бар.

Субсидиялау талаптары:

  • Лизинг алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 9 %;
  • Даму КДҚ субсидияларының «мөлшері» – жылдық 10,75 %.

Мысалы, Қаржы лизингі шартына сәйкес сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19,75 %-ды құрайтын болса, оның 10,75 %-н Даму «КДҚ» төлейді, ал 9%-н Лизинг алушы төлейді.

Субсидияны қалай алуға болады?

  • Өтінім беру;
  • Мақұлдау алу;
  • Қаржы лизингі шартына қол қою;
  • Субсидиялау шартына қол қою.

* Қосымша ақпаратты мына сайт бойынша алуға: www.damu.kz

*Субсидиялау – бұл жасалған лизинг шарттары бойынша төленетін сыйақы бойынша кәсіпкерлердің шығындарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны. Өз тарапынан кәсіпкер болашақта өзінің операциялық қызметіне қатысты белгілі бір талаптарды орындауға міндеттенеді. Мысалы, белгілі бір жұмыс орындарын қамтамасыз ету немесе салық төлемдерін көбейту.

Жеңілдетілген қаржы лизингі бағдарламасына қатысу сізге тек субсидиялар түрінде ғана емес, сонымен қатар сіздің өтініміңізді қараудың толық сүйемелдеуіне, ыңғайлылығы мен жылдамдығына кепілдік береді. Бизнесіңіз үшін ең көп пайданы пайдаланыңыз!